Ғылыми кітапхана

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті


"Еркін елдің ертеңі - кемел білім мен кенен ғылымда"

Н. Назарбаев

Алдыңғы Келесі Бет:

Университеттік онлайн кітапхана

2019 жылдың 11 мамырына дейін «Университеттік онлайн кітапхана» Электронды –кітапханалық жүйесінің тесттік қол жеткізу мүмкіндігі біздің университете ашық.
Интернетте мына сайтпен жұмыс жасауға болады:http://www.biblioclub.ru

Хабарландыру

Университет кітапханасының электронды залында Springer компаниясының «SpringerLink» электронды толықтексті платформасына ақысыз қол жетімді.

Ахмет Байтұрсынұлы

Қадірлі  оқырмандар!

Сіздердің  назарларыңызға  Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 140 жыл толуына орай «Ұлтымыздың Ұстазы – Ахмет Байтұрсынов» атты виртуалды кітап көрмесін ұсынамыз.

02122009083

Адамдық диқаншысы қырға шықтым;

Көл жоқ, көгалы жоқ - қорға шықтым.

Тұқымын адамдықтың шаштым ектім,

Көңілін көгертуге құл халықтың.

А. Байтұрсынов

А. Байтұрсынұлының осы өлең жолдары оның бүкіл өмірінің эпиграфы іспеттес.Ол - ақын, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф, фольклорист, түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым…

Оның бүкіл еңбегінің мәнін бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ, ол бас  әріппен  жазылған ҰСТАЗ, ХАЛЫҚ ҰСТАЗЫ.

02122009113

Ахмет Байтұрсынов қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы, Сартүбек деген жерде ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1873 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген. Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары әуелі көзіқарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886-1891 жылдары Торғай қаласындагы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордагы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. 1895-1909 жылдары ұстаздықпен айналысып, бала оқытады. 1905 жылы жер меселесі, казақтың өз жерін өзіне кайтару жөнінде патшаның атына хат жазушылардың бірі болады. Патша өкіметіне наразылығы үшін 1907, 1909 жылдары абақтыға қамалады. 1910 жылы қазақ жерінен қуғындалып, Орынбор қаласына жер аударылады. Халықтың ой-санасын оятуға бар күшін, қаламгерлік қуатын салып, 1909 жылы И.А.Крылов мысалдарын аударып, "Қырық мысал" жинағын шығарады. Қазақ поэзиясына өзіндік жаңалық, ою-ернек әкелген "Маса" жинағы А.Байтұрсыновтың ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халыққа жеткізеді. 1913 жылдан 1917 жылға дейін М.Дулатовпен бірге "Қазақ" газетін шығарады. Саяси бағыттағы мақалалары патша үкіметі орындарына жақпаған басылымның редакторы ретінде А.Байтұрсынов бірнеше рет түрмеге жабылады. Патша тақтан түскен соң Ахаң қазақ зиялыларымен бірігіп, ұлттық "Алаш" партиясын құрады. Кеңес үкіметі орнаған соң А.Байтұрсынов Қазақстан үкіметінің мүшесі, Халық ағарту Комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы болып сайланады. Орынбор, Ташкент, Алматы қалаларындағы педагогикалык жоғарғы оқу орындарында сабақ береді. Голощекиндік асыра сілтеу саясатына қарсы болғаны үшін 1929, 1937 жылдары екі рет саяси репрессияға ілігіп, жазықсыз атылды.

Алаштың көрнекті қайраткері, ағартушы-ғалым. 1872 жылы Торғайдың Ақкөл жағасындығы (қазір Қостанай бол. Жангелдин ауд.) Сарытүбек жерінде туған. 1884 жылы ауыл мектебін, 1891 жылы Торғайдағы орыс-қырғыз училищесін, 1895 жылы Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітіріп, өз бетінше көп білім жиған. 1895-1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Торғай уездерінің мектептері мен училищелерінде мұғалім болады. 1909 жылы патша өкіметінің шет ұлттарға қарсы әрекетіне көзқарасын білдіргені үшін Семей абақтысына жабылады. Мұнда ол 1910 жылдың басына дейін отырады.  1910-1913 жылдары ағартушы қатаң бақылау жағдайында болады. 1913-1917 жылдары әйгілі «Қазақ» газетінің редакторы қызметін атқарады. Осы шақта ағартушы ұлттық Алаш қозғалысын жандандыруға атсалысады. Алаш партиясы құрылатын І жалпықазақ съезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын ІІ жалпықазақ съезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. І съезде негізгі мәселелер бойынша хатшы болса, ІІ съездің шақыру комиссиясына енді. 1917 жылы 14 желтоқсанда Орынборда Алаш партиясының Торғай облыстық комитеті ашылып, қайраткер төраға (Ә.Бөкейхан) орынбасары болып сайланады. Ұлт кеңесі құрылатын ІІ съезде Оқу-ағарту комиссиясын басқарады. 1919 жылы ұлттың болашағы үшін кеңестер шебіне шығып, Өлкелік әскери төңкеріс комитетінің мүшесі болады. 1920-1921 жылдары Халық ағарту комиссары қызметін атқарады. 1920 жылы ол басында "Ұшқын" газетінің, кейіннен аты "Еңбек туы" боп өзгерген осы басылым жалғасының алқа мүшесі болды. Осы жылы желтоқсанда Әлихан, Смағұл, Жүсіпбек, Хайретдиндермен бірге "Қазақстан" мемлекеттік баспасының сарапшылар алқасына енді. 1921-1922 жылдары Қазақ халыққа білім беру институтында (КИНО) ұстаздық етеді. 1922-1925 жылдары ХАК Ғылым комиссиясын басқарады. 1926-1929 жылдары Ташкенттегі Қазақ педагогика институтында, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтында қызмет атқарады. Ағартушы қайраткер ғалым, жаңа отандық ғылымның көшбасшысы ретінде қалыптасты. Әдеби қызметі де қайраткерлігімен біртұтасып кеткен. 1909 жылы шыққан «Қырық мысал», 1911 жылы жарияланған «Маса» жинақтары халықты оятуға себепші болды. Ғалымның «Оқу құрал» (1912), «Тіл құрал» (1914), «Әліпби» (1924), «Әдебиет танытқыш» (1926), «Баяншы» (1926) еңбектері ұлт филологиясының негізін қалады. Ол 1926 жылы Бакуде өткен ІІ Түріктану съезіне қатынасты. Саяси себеппен 1929 жылы тұтқындалып, жер аударылды. 1937 жылы тағы да ұсталып, 1938 жылы нақақ атылды.

 

 02122009088

Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы.- 3-т. Тіл құралы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері)Алматы:Алаш,2005.-352 бет.

    Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ балаларының ана тілінде сауат алуына арналған алғашқы әліппелер мен қазақ тілі грамматикасын танытатын тұңғыш оқулықтардың авторы, қазақша сауат аштыру мен қазақ тілін пән ретінде оқыту әдістерін баяндайтын құралдардың да иесі.Бұл жинақта «Тіл-құрал» оқулықтары мен методикалық құралдардың қолда бар басылымдарының мәтіндері толық ұсынылып отыр.

 02122009097

Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Зерттеу мен өлеңдер. Алматы:Атамұра,2003.- 208 бет.

   Қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың бұл жинағына «Әдебиет танытқыш» деп аталған зерттеу еңбегі мен өлеңдері топтастырылған.

 02122009095

Байтұрсынов А.Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері)- Алматы, «Ана тілі», 1992.- 448 бет.

  Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ балаларының ана тілінде сауат алуына арналған алғашқы әліппелер мен қазақ тілі грамматикасын танытатын тұңғыш оқулықтардың авторы, қазақша сауат аштыру мен қазақ тілін пән ретінде оқыту әдістерін баяндайтын құралдардың да иесі.Бұл кітапта сол оқулықтар мен методикалық құралдардың қолда бар басылымдарының текстері толық ұсынылып отыр.Сонымен бірге автордың қазақ жазуы (графикасы), емлесі, терминологиясы жайында жазған мақалалары, сөйлеген сөздері мен қазақ жеріндегі оқу-ағарту мәселелеріне арналған еңбектері де енеді. Бұлардың барлығы дерлік араб жазуынан қазіргі қазақ жазуына көшіріліп беріледі.

 

 02122009098

Байтұрсынов А. Шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. (Құраст.Шәріпов Ә.,Дәуітов С.)- Алматы:Жазушы,1989.- 320 бет.

Қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың бұл шығармалар жинағына бұрын «Маса», «Қырық мысал» кітаптарында жарық көрген өлеңдері мен аудармалары және «Әдебиет танытқыш» деп аталатын зерттеу еңбегі топтастырылды.

 02122009096

Байтұрсынұлы А. Жоқтау.- Алматы:А.Байтұрсынов атындағы қор,1993.-96 бет.

Ахмет Байтұрсынұлының «Жоқтау» деп аталатын бұл кітабында өзінің көзі тірісінде жарық көрген, сондай-ақ ауыз әдебиеті мұраларын ұдайы жинап, өңдеген тынымсыз ізденісінің бір бөлігі ретінде танылған «23 жоқтау» бұл жоқтауларды бастырғанда Қазақ тарихының төрт жүз жылын алған.Кітапты баспаға дайындаған Ақаңның немересі А.Байтұрсынұлы атындағы Қордың президенті Самырат Кәкішев.

 

 02122009100

Байтұрсынұлы А. Жан сөзімді кім түсінер ?- Алматы:Қазақстан:А.Байтұрсынұлы атындағы қор,1994.- 112 бет.

Ахмет Байтұрсынұлының «Жан сөзімді кім түсінер ?» деп аталатын бұл кітабында өзінің көзі тірісінде жарық көрген «Маса», «Қырық мысал» сияқты өлеңдері мен аудармалары басылған кітаптардағы поэтикалық шығармалары топтастырылып беріліп отыр.

 

Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары:

1.Байтұрсынов, А. Ақ жол: Өлеңдер мен тәржімелер, мақалалар және әдеби зерттеулер.-Алматы: Жалын, 1991.-469 б.

2.Байтұрсынұлы, А. Бес томдық шығармалар жинағы.-А. :Алаш мұрасы. Т.3.-2005.-352 б.

3.Байтұрсынұлы, А. Бес томдық шығармалар жинағы.-Алматы :Алаш.-(Алаш мұрасы).Т.4:Әліппелер мен мақалалар жинағы.-2006.- 320 б.

4.Байтұрсынұлы, А. Көп томдық шығармалар жинағы. Алматы: Алаш. 5 том: Ер Сайын. 23 жоқтау  мақалалар.-2006.- 288 б.

5.Байтұрсынов, А. Тіл тағылымы /Құрастырған Г.Әнесов, А.Мектепов.-Алматы: Ана тілі, 1994.-446 б.

6.Байтұрсынов, А. Шығармалары Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер.-Алматы: Жазушы, 1989.-319 б.

7.Байтұрсынов, А.Әдебиет танытқыш :Зерттеу мен өлеңдер /Ахмет  Байтұрсынов.-Алматы:Атамұра,2003.-206 б.

 

Ахмет Байтұрсынов туралы:

1.Әбдіманов, Ө."Қазақ газеті" /Ө.Әбдіманов.-Алматы:Қазақстан,1993.-168 с.

2.Бес арыс :естеліктер,эсселер және зерттеу мақалалар /Құраст.Д Әшімханов.-Алматы:Жалын,1992.-543 б.

3.Дулатұлы, М. Бес томдық шығармалар жинағы.Т.4 :Ағартушылық бағыттағы еңбектері мен оқу құралдары /Дулатұлы, М..-Алматы:Мектеп,2003.-342 б.

4.Кәкішев,С. Ахаң туралы ақиқат /С.Кәкішев.-Алматы:Қазақстан,1992.-112 б.

5.Қазақ әдебиеті тарихының өзекті мәселелері (Ғылыми мақалалар жинағы) :оқу құралы /  ред. бас. З.Қабдолов, құраст. Т.Қожакеев.-Алматы:Қазақ университеті,1993.-144 б.

6.Мұхамедханов, Қ. Абай мұрагерлері /Қ.Мұхамедханов.-Алматы:Атамұра,1995.-208 б.

7.Сыздықова,Р. Ахмет Байтұрсынов /Р.Сыздықова.-Алматы,1990.-50 б.

8.Мектеп А.Қазақ баспасөзінің тұңғыш теоретигі //Абай.-2004.- №3.- 41-45б.

9.Шоранова, Г. А.Байтұрсынов және қазақтың ән өнері//Музыка әлемінде.-2005.-№1.-35-37 б.

10.Байғалиева,Б. Ахмет Байтұрсынов-қазақтың рухани көсемі //Әдіскер мұғалім.-2005.-№2.-18 б.

11.Әбдиманұлы, Ө. "Ұлттың рухани көсемі" //Ақиқат.- 2006.- № 5.- 18-25 б.

12.Имаханбетова, Р. Ахаңның тың туындылары һәм оның бүркеншік аты хақында /Р.Имаханбетова  //Ақиқат.- 2008.- № 11.- 227-230 б.

13.Әуезов, М.  Ақаңның елу жылдық тойы /М.Әуезов //Жалын.- 2009.- № 6.- 9-11б.

14.Сәтбаева, Ш. Әмбебап тұлға /Ш.Сәтбаева//Жалын.- 2009.- № 6.- 12-18 б.

15.Сыздық, Р. АхметБайтұрсынұлы және терминология мәселелері /Р.Сыздық //Жалын.- 2009.- № 6.- 19-24 б.

16.Нургали, Р. Ахмет  Байтурсынов /Р. Нургали  //Простор.- 2010.- №1.- С. 175 – 188 б.

17.Колдыбаев, С.А. К вопросу об общественно- мировоззренческих  взглядах   Ахмета  Байтурсынова /С.А. Колдыбаев, А.А. Баймагамбетова //Казахская цивилизация.- 2010.-№4.- С.57 - 58.

18.Мамиева, Б.   Ахмет Байтұрсынов және әдебиет теориясы /Б.Мамиева //ҚазҰУ Хабаршы. Филология сер.- 2010.- № 6.- 198-201б.

19.Тұрысбек, Р. Ахмет Байтұрсынұлының көсемсөздері /Р.Тұрысбек //Ұлағат.- 2011.- № 2.- 3-15 б.

20.Ашекеева, К.Ахмет Байтұрсыновтың білім философиясына қосқан үлесі /К.Ашекеева //Ізденіс. Гуманитарлық ғылымдар сер.- 2011.- № 3.- 209-213б.

21.Тайшыбай, З. "Байтұрсынов ісі" /З.Тайшыбай //Заң газеті.- 2011.-31 мамыр.- 1,3 б.

22.Сыздықова, Р.  Ахмет Байтұрсынұлы, Телжан Шонанұлы. "Оқу құралы" /Р.Сыздықова //Дала мен қала.- 2011.- 11 сәуір.- 14 б.

23.Мәмет, С.  Ұлт ұстазы-Ахмет..Ғафу ет /С. Мәмет //Егемен Қазақстан. - 21 ақпан 2012. - № 65. – 6 б.

24.Әлім, Қ.  Байтұрсын бай тұрды /Қ.Әлім  //Егемен Қазақстан.- 2012.- 31 қазан.- 10 б.

25.Шүкірұлы, С.  Қазақ жазуының қалыптасуы һәм болашағы  / С. Шүкірұлы //Ана тілі. - 2012. - № 13.

26.Мамырбекова, Г.  "Байтұрсынұлы жазуы" атанған Ахмет Байтұрсынұлы әліпбиінің жарық көргеніне жүз жыл /Г.Мамырбекова   //Ана тілі.- 2012.- № 37.- 6-7 б.

27.Айтбайұлы, Ө.  Ұлт мәдениетінің хан тәңірі /Ө.Айтбайұлы   //Ана тілі.- 2012.- № 43.- 3 б.

28.Байтұрсынов А.   Ахмет Байтұрсынұлының ұрпақтары  //Ұлт болмысы.- 2012.-№ 9.- 12-13 б.

29.Сахыбекқызы, Р. "Ахметтануға жаңаша көзқарас қажет" /Р.Сахыбекқызы  //Ұлт болмысы.- 2012.- № 9.- 22-24 б.

30.Ахмет Байтұрсынұлы туралы айшықты ойлар  //Ұлт болмысы.- 2012.- № 9.- 47 б.

31.Мұхамадиұлы, М.   Алысқа көз тіккен Алаш зиялылары /М.Мұхамадиұлы

//Ертіс өңірі.- 2013.- 2 қаңтар.- 12 б.

32.Әнес, Ғ.   Рухты оятқан "Қазақ" /Ғ.Әнес  //Ана тілі.- 2013.- № 2.- 1,6-7 б.

33.Сүлейменов, Ж. Алаш арыстары қалай ақталды ? /Ж.Сүлейменов   //Егемен Қазақстан.- 2013.- 11 қаңтар.- 7 б.

 

         Ахмет Байтұрсынұлы туралы айшықты ойлар

 Бір басында сан салалы өнер тоғысқан, телегей- теңіз энциклопедиялық білім иесі, қайшылығы мол тартысты ғұмырында қараңғы қалың елін жарқын болашаққа сүйреуден басқа бақыт бар деп білмеген ірі тұлға, халықтың "рухани көсемі.

                                                                                                                                М.Әуезов

Ұлы ағартушы Алтынсариннің бастамасын ілгері дамытып, нағыз ғылымдық дәрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген- Ахмет Байтұрсынов.

                                                                                                                Қайым Мұхамедханов

Екі жинақ- “Қырық мысал”, “Маса”- қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлармен, өрнектерімен байытты; Абайдың ақындық дәстүрі ілгері жалғасты, заман талабына сай жігерлі поэзия туды, бұдан кейін талантты ақындардың жаңа буыны тарам- тарам жүлгелерді тереңдетіп, жалғастырып әкететін болады.

                                                                                                                     Рымғали Нұрғалиев

Біз бүгін Ахаңның “Әдебиет танытқышын” Аристотель “Поэтикасымен” салыстырар едік. Мұның мәнісі- екеуі де: бірі грек әдебиетінің, екіншісі қазақ әдебиетінің алғашқы әліп- билері”. Асылы, үздік қасиеттер бір- бірінен неғұрлым ерекше болса, бір-біріне солғұрлым ұқсас болады”.

                                                                                                                     Зейнолла Қабдолов

Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны- “Қырық мысал” , “Маса”, “Қазақ” газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер- білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі біледі. Бұның шындығына ешкім де дауласпайды.

                                                                                                                     Мұхтар Әуезов

 … өзге оқыған замандастары өз бастарының пайдасын ғана іздеп, ар һәм имандарын сатып жүргенде, Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен. Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл.

                                                                                                                  Сәкен Сейфуллин

… А. Байтұрсыновтың өлеңдері өзінің сыртқы қарапайымдылығы, ішкі мазмұны, жеңілдігі және біркелкілігі жағынан қазақ әдебиетінде бірінші орын алады… А. Байтұрсыновтың арқасында санасыз түрде болмаса да шын мәнінде орыстана және татарлана бастаған қазақ зиялыларының бір тобы дереу есін жиып, … өз ағаттықтарын түсіне бастады…                                                                            

                                                                                                             Міржақып Дулатов

Сан салалы ғалым Ахмет Байтұрсынов туған тілдің, туған мәдениеттің басында тұрды. Туған тілдің әдеби нормасын жасады. Бірде- бір бөгде тілдің сөзін қоспай, бірде- бір цитата келтірмей, таза, мөлдір тілмен өзі тапқан қисынды баламалармен “Әдебиет танытқышты” жазып шықты.

                                                                                                                Сырбай Мәуленов

Ахмет Байтұрсынов- біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Соңынан із салған жаңашыл ағартушы. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсыновтың әліп-биімен ашып, ана тілін Байтұрсыновтың “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.

                                                                                                                     Рабиға Сыздықова

Ломоносовтың бойында екі түрлі қабілет бар- ақындық пен ғалымдық, оның соңғысы алғашқысына қарағанда күштірек”- деген еді В. Белинский. Осыған ұқсас жайды Ахмет бойынан да көреміз. Оның ақындығын ғалымдығы жеңіп кетті… Қазақ даласына азаттық идеясы тарай бастаған тұста жаңа поэзияның бастаушысы, алғашқы ту ұстаушысы болып Ахмет қашан да тарих биігінде тұрады

                                                                                                                         Серік Қирабаев

Қазақ тілі мен кітабын жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргетасын қалаған алғашқы адам- Ахмет.

                                                                                                                             Сәбит Мұқанов

0383471
Бүгін
Кеше
Апта бойы
Өткен аптада
Ай бойы
Өткен айда
Барлығы
117
173
438
380125
5600
6847
383471

Сіздің IP: 3.85.214.0
Уақыт: 23.10.2019
  • 1.jpg
  • 2.jpg
  • 3.jpg
  • 4.jpg
  • 5.jpg
  • 6.jpg
  • 7.jpg
  • 8.jpg
  • 9.jpg
  • 10.jpg
  • 11.jpg
  • 12.jpg
  • 13.jpg
  • 14.jpg
  • 15.jpg
  • 16.jpg
  • 17.jpg
  • 18.jpg
  • 19.jpg
  • 20.jpg
  • 21.jpg
  • 22.jpg
  • 23.jpg
  • 24.jpg
  • 25.jpg
  • 26.jpg
  • 27.jpg
  • 28.jpg
  • 29.jpg
  • harari.jpg
  • img_25_livres_cles_de_la_phil_ru_1535975442.jpg
  • img_an_introduction_language_ru_1523361882.jpg
  • img_a_brief_history_of_philos_ru_1523463261.jpg
  • img_a_history_of_god_the_4000_ru_1523463549.jpg
  • img_a_history_of_modern_psych_ru_1523463625.jpg
  • img_a_new_history_of_western__ru_1523361796.jpg
  • img_a_new_history_of_western__ru_1523361824.jpg
  • img_economics_4th_edition_ru_1523350910.jpg
  • img_entrepreneurship_theory_p_ru_1523350923.jpg
  • img_essentials_of_sociology_9_ru_1523362846.jpg
  • img_history_and_theory_in_ant_ru_1523362732.jpg
  • img_management_12th_edition_ru_1523350967.jpg
  • img_social_psychology_ru_1523362655.jpg
  • img_sociological_theory_10th__ru_1523362938.jpg
  • img_the_fourth_industrial_rev_ru_1523362900.jpg
  • img_the_social_animal_11th_ed_ru_1523351049.jpg
  • img_yazyk_i_mezhkulturnaya_ko_ru_1535975539.jpg
  • IRBIS_12_IBIS_175400_1_.jpg


Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті. © 2001-2019. Барлық құқықтар қорғалған.