Ғылыми кітапхана

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті


"Еркін елдің ертеңі - кемел білім мен кенен ғылымда"

Н. Назарбаев

Алдыңғы Келесі Бет:

Университеттік онлайн кітапхана

2019 жылдың 11 мамырына дейін «Университеттік онлайн кітапхана» Электронды –кітапханалық жүйесінің тесттік қол жеткізу мүмкіндігі біздің университете ашық.
Интернетте мына сайтпен жұмыс жасауға болады:http://www.biblioclub.ru

Хабарландыру

Университет кітапханасының электронды залында Springer компаниясының «SpringerLink» электронды толықтексті платформасына ақысыз қол жетімді.

Біз туралы

 КІТАПХАНАНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ


1 Қолданылу аумағы

 Осы ереже Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасында пайдаланушылармен жұмыс кезінде қолданылады.

2 Нормативтік сілтемелер

 Осы «Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасын пайдалану ережесі» (ары қарай Ереже) Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы» Заңына,«Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің жоғары кәсіптік білім беру ұйымдары кітапханасы туралы типтік ережесіне» (17 тамыз 2000 ж. №827 ҚР білім министрлігінің бұйрығы), кітапхана ісі жөніндегі құжаттар мен нұсқаулықтарға, университет Жарғысына, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасы туралы Ережеге және осы Ережеге сәйкес әзірленген.

     3 Жалпы ережелер

3.1 Ғылыми кітапхана міндеті – әрбір пайдаланушыға ақпараттық ресурстарды сапалы және нәтижелі жеткізуге, университеттің білім беру және ғылыми зерттеу процесіне қатысуға, кәсіби қызмет, университет қауымдастығын жоғары мәдениетке қалыптастыруға мүмкіндік туғызу.

3.2 Ғылыми кітапхана қоры Қазақстан Республикасының меншігіне жатады, университетке тиесілі, университет ретінде мемлекеттің қорғауында.

3.3 Ғылыми кітапхананы пайдалану ережесі пайдаланушыларға қызмет етуді, қорға қол жеткізуді ұйымдастырудың жалпы ережесін, пайдаланушылар мен кітапхананың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын - құжат.

3.4 Ғылыми кітапханада ақысыз қызмет көрсетіледі.

3.5 Ереже студенттерге, университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне арналған.

3.6 Пайдаланушы ғылыми кітапханаға жазылу кезінде кітапхананы пайдалану ережесімен танысуы керек.

 

4 ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАҒА ЖАЗЫЛУ МЕН КІТАП БЕРУ ТӘРТІБІ

 4.1 Ғылыми кітапхананы пайдалану құқығы студенттер, оқытушылар мен қызметкерлерге беріледі.

4.2 Ғылыми кітапханаға жазылу: студенттер - қабылдану туралы бұйрық бойынша, оқытушылар мен қызметкерлер кадрлар бөлімінен алынған анықтама бойынша жүргізіледі.

4.3 Ғылыми кітапханаға жазылу кезінде жеке басының куәлігі және қосымша 3х4 мөлшерлі фотосурет керек.

4.4 Оқырман билеті беріледі:

- студенттер мен магистранттар үшін оқу кезеңіне жылдық тіркеуден өткен жағдайда;

- профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер үшін жылдық тіркеуден өткен жағдайда;

4.5 Оқырман билеті ғылыми кітапхананың барлық бөлімшелерінің қорын пайдалануға құқық беретін құжат болып табылады. Оқырман билеті оқу абонементінде ал оқытушылар мен қызметкерлерге ғылыми әдебиеттер абонементінде беріледі. Оқырман билетінің нысаны Ф ПР 042-12.01-2012-01.

4.6 Оқырман билетін жоғалтқан жағдайда пайдаланушы ғылыми кітапханаға хабарлауы қажет, қарсы жағдайда осы оқырман билеті бойынша берілген әдебиеттерді басқа адамға бергені үшін жауап береді.

4.7 Жоғалған оқырман билеті тіркеледі, пайдаланушыға дубликат беріледі.

4.8 Әр пайдаланушыға тіркеу карточкасы (Форма Ф ПР 042-12.01-2012-03.) толтырылады, оқырман формуляры (Ф ПР 042-12.01-2012-02) ашылып, ол кету қағазын толтыруға дейін сақталады.

4.9 Оқырман билеті мен кітап формуляры, кітаптар, баспа шығармаларын, құжаттарды беру күні мен фактысын және кітапханашының қабылдауын растайтын құжат болып табылады.

4.10 Жыл сайын,1қаңтардан кітапхана пайдаланушыларды қолындағы әдебиеттерімен қоса қайта тіркеуден өткізеді. Қайта тіркеуден өтпеген оқырмандарға кітапхана қызмет көрсетпейді.

 

5 Пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері

 5.1 Ғылыми кітапхананы пайдалану құқықтары:

- кітапхананың барлық бөлімдерінің қорларына,анықтамалық аппараттарына өзінің сұранымына сәйкес қол жеткізу;

- кітап және басқа ақпарат көздерін таңдау мен іздеуде консультативтік көмек алу;

- үйге пайдалануға алған кітаптарының, басқа басылымдардың егер басқа пайдаланушылар тарапынан сұраныс болмаса уақытын ұзартуға;

- кітапхананың анықтама-библиографиялық жүйелері каталогтар мен картотекалар арқылы кітапхана қоры туралы толық ақпарат алуға;

5.2 Пайдаланушылар мынаған құқылы:

- ғылыми кітапхананы пайдалану ережесін сақтауға;

- ғылыми кітапханадан алынған басылымдарды уақытында қайтаруға;

- ғылыми кітапхана қорынан алынған басылымдарды сақтауға, ол кітаптарға ешқандай белгілер салмауға, беттерін жыртпауға, бүктемеуге;

- кітаптарды , басқа басылымдарды алғанда мұқият тексеріп қарап алуға, дефектілер байқаған кезде ол жөнінде кітапханашыға ескертуі тиіс. Кітапханашы дефекті жөнінде басылымның қалтасына немесе титульдік бетіне белгі жасауы тиіс;

- каталогтар мен картотекалардан карточкаларды алып тастамауға;

- қызмет бөлмесіне және кітап сақтау орнына рұқсатсыз кіруге;

- ғылыми кітапханада тәртіп пен тыныштық сақтау. Ішкі тәртіпке бағынуға;

- мекен жайының, фамилиясының, жұмыс орнынның және мамандығының ауысқандығын жеткізуге;

- университетті бітіргенде немесе жұмыстан шығарда қолындағы кітаптарды өткізіп, кету қағазын толтыруға.дописать обходной листодписать обходной лист. ?

6 Ғылыми кітапхананың құқықтары мен міндеттері

 6.1 Ғылыми кітапхананың бөлімдері мен филиалдарының жұмыс режимін университет ректоры бекітеді.

6.2 Ғылыми кітапхана мынаған құқылы:

- кітапханадан берілген кітаптар мен басылымдардың қайтарылуын қадағалап отыруға;

- пайдаланушыларға бұрын берілген баспа шығармалары мен басқа басылымдарды қайтарған кезде ғана кітап беруге;

-   басылымдарды пайдалану мерзімін белгілеуге;

- ғылыми кітапхананы пайдалану туралы Ережені бұзған пайдаланушыларға шара қолданылады.

6.3 Ғылыми кітапхана міндеттері:

- кітапханалық қызметті тегін пайдалануды қамтамасыз етеді ;

- пайдаланушыларға ақпарат көздерін таңдауда ұсыныстық әңгімелер өткізеді, ақпарат көздерін каталогтар мен картотекаларда, анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық материалдарда көрсету, сондай-ақ тақырыптық кітап көрмелерін, жаңа әдебиеттер көрмелерін ұйымдастыру, ақпарат күндерін және басқа шараларды өткізу арқылы көмек береді;

- компьютерлік технологияларды енгізу арқылы кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіру;

- пайдаланушылар жұмыс жасауы үшін ғылыми кітапханада ыңғайлы жағдай жасау;

- оқу жылының басында пайдаланушыларды қайта тіркеуден өткізеді;

- пайдаланушы туралы мағлұматты кітапханалық жұмыста ғана пайдалану;

- ғылыми кітапхана қорын сақтауға жауапкершілікпен қарайды.

 

7 Абонементті пайдалану ережесі

 7.1 Баспа шығармаларын немесе басқа құжаттарды алған кезде пайдаланушы әр басылым үшін кітап формулярына қол қояды.

7.2 Оқу әдебиеттері бір семестрге немесе оқу жылына беріледі, саны оқу жоспарына сәйкес белгіленеді.

7.3 Саны шектеулі әдебиеттер - екі аптаға беріледі.

7.4 Ғылыми әдебиеттер 1 айға дейінгі мерзімге, 2-3 дана беріледі.

7.5 Берілетін көркем әдебиеттердің саны 3 данадан асырылмайды, ал пайдалану мерзімі – 15 күнге дейін.

7.6 Пайдалану уақыты оқырмандар жағынан материалдарға сұраныс болмаса ұзартылады немесе сұраным жоғары болса қысқартылады.

 

            8 Оқу залын пайдалану ережесі

 8.1 Оқу залында әдебиетке тапсырыс берерде пайдаланушы оқырман билетін немесе жеке басының куәлігін (оқытушылар,қызметкерлер) көрсетіп, әр басылымның кітап формулярына қол қояды.

8.2 Оқу залында берілетін кітап, баспа шығармалары және басқа материалдар саны шектеусіз.

8.3 Сирек кітаптар, диссертация авторефераттары, диссертациялар, қызметтік құжаттар бөлім ішінде ғана беріледі.

8.4 Оқу залынан кітапханашының рұқсатымен ғана әдебиеттерді алып шығуға болады.Осы ереже бұзылса пайдаланушы 1 айға пайдалану құқығынан айрылады.

8.5 Ұялы телефонды пайдалануға тыйым салынады.

 

ИНТЕРНЕТКЕ ЕНУДІ ҰСЫНУ ЕРЕЖЕСІ

9.1 Кітапхана ақпараттық ресурстарға, ғылыми, білім беру және ақпараттық мақсатта кітапхана пайдаланушыларға Интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етеді

9.2 Интернетке қол жеткізу, оқырмандардың барлық санаттағы ақпараттық сұранысын қанағаттандыру үшін кітапхана саясатының бір бөлігі болып табылады, дәстүрлі анықтамалық - библиографиялық қызмет көрсетуге қосымша пайдаланылады

9.3Кітапхана Интернет ұсынатын ақпарат үшін жауапты емес.

9.4 Интернетпен жұмыс өздігінен, компьютермен жұмыс істейтін дағдысы бар пайдаланушылар жіберіледі.

9.5 Интернетке қатынау электрондық ресурстар залында оқырмандарға қол жетімді болып табылады. Қызмет көрсету кітапхананың жұмыс кестесіне сәйкес және электрондық ресурстар залының жабу алдында 20 минут бұрын аяқталады.

9.6 Қызмет оқырман билеті бар және рұқсат беру арқылы тек ғылыми кітапхана оқырмандарына ұсынылады.

9.7 Кітапхана жеткізушінің кінәсінен жасаған байланыстың болмауына немесе сапасыздығына жауапты емес.

9.8 Студенттер мен оқытушылар Интернетке кіру - тегін.

9.9 Оқырман құқылы: ашық Интернет ақпараттық ресурстарға қол жеткізуге, флэш - жинағына қажетті ақпараттың көшірмесін жасауға, бір апта ішінде «Пайдаланушы» жұмыс орнында ақпаратты сақтауға.

9.10 Пайдаланушы міндетті: оқырман билетін көрсетуге, бағдарламалық қамтамасыз іркілістер болған жағдайда дереу кезекші бөлім қызметкеріне хабарласуға, өз еркімен ешқандай іс-әрекет жасамауға. Флэш-жинағын пайдаланбастан бұрын, вирусқа тексертуге.

9.11 Оқырманға рұқсат етілмейді:
- Өз бағдарламасын орнатуға;
- Компьютердің конфигурациясына және параметрлеріне өзгерістер енгізуге;
- Қосымша жабдықтарды қосу;
- Интернетті жеке хат жазуға пайдалануға және бизнес мәмілелерді жасауға;
- Желілер арқылы жарнамалық және коммерциялық хабарландыруларды таратуға, зорлық-зомбылыққа шақыруға, сондай-ақ эротикалық және порнографиялық сипатын қарауға;
- Аудио және бейне файлдар жүктеуге.

 

10 Ережені бұзғандығы үшін жазалар

 10.1 Ғылыми кітапхананы пайдалану Ережесін бұзған немесе кітапханаға зиян келтірген пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заңнамаларына, ғылыми кітапхана ережесіне сәйкес әкімшілік, материалдық немесе қылмыстық жауапқа тартылады.

10.2 Басылымдардың пайдалану мерзімін сақтамаған жағдайда пайдаланушыға 1 ай, қайталанса 1 семестрге кітапханалық қызмет көрсетілмейді.

10.3 Оқу залынан рұқсатсыз кітап алып кеткен пайдаланушы 1 айға кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады.

10.4 Басылымдарды пайдалану уақытын бірнеше рет бұзған, оқу залынан бірнеше рет рұқсатсыз кітап алып кеткен оқырман 1 жылға кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады.

10.5 Кітаптарды, басқа баспа шығармаларын жоғалтқан жағдайда пайдаланушы дәл сондай басылыммен немесе оның көшірмесімен немесе кітапхана құны бірдей деп мойындаған басылыммен алмастырады, ал мұндай айырбас болмаған жағдайда оның шынайы нарықтық құны 10 есе мөлшерінде өндіріліп алынады.

10.6 Басылымды қасақана бүлдірген пайдаланушы оның құнын жоғарыдағы пунктке сәйкес төлейді.

10.7 Ғылыми кітапхана қорынан қасақана ұрланған кітаптар мен басқа басылымдар үшін пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

10.8 Оқу залында ұялы телефонды пайдаланғаны үшін, ескерту жасалғаннан кейін, пайдаланушы 1 айға оқу залын пайдалану құқығынан айырылады.




Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті. © 2001-2019. Барлық құқықтар қорғалған.