Ғылыми кітапхана

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті


"Еркін елдің ертеңі - кемел білім мен кенен ғылымда"

Н. Назарбаев

Алдыңғы Келесі Бет:

Университеттік онлайн кітапхана

2019 жылдың 11 мамырына дейін «Университеттік онлайн кітапхана» Электронды –кітапханалық жүйесінің тесттік қол жеткізу мүмкіндігі біздің университете ашық.
Интернетте мына сайтпен жұмыс жасауға болады:http://www.biblioclub.ru

Хабарландыру

Университет кітапханасының электронды залында Springer компаниясының «SpringerLink» электронды толықтексті платформасына ақысыз қол жетімді.

Біз туралы

БІЗ ТУРАЛЫ


 Ғылыми кітапхана Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемелекеттік университетінің дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Студенттерге, ғылыми – педагогикалық қызметкерлерге және басқа да оқырмандарға тез және сапалы кітапханалық және ақпараттық – библиографиялық қызмет көрсетуді ұйымдастырады және іске асырады.

Ғылыми кітапхананың кітап қоры қазақша, орысша және шет тілдерінде университет бейініне сәйкес әр түрлі білім салалары бойынша жинақталған. Әдебиеттер гуманитарлық және қоғамдық-саяси ғылымдар, экономикалық және заң туралы іргелі ғылым салалары бойынша топтасқан, сондай-ақ әлемдік көркем әдебиеттің орысша, қазақша және шет тілдеріндегі бай қоры бар. Кітапхана қоры 900 мың дананы құрайды:

  • оқулық және оқу-әдістемелік
  • ғылыми әдебиет
  • көркем әдебиет
  • мерзімді басылымдар

Жыл сайын ғылыми кітапхана қоры 5 мың данадан аса әдебиеттермен толықтырылады және мерзімді басылымдарға жазылады. Университеттің оқу ғимараттарында кітапхананың 9 оқу залдары бар. Кітапхана оқырмандарының Internet ғаламдық ақпараттық желісін және ҚР заңнамалық актілерінің ақпараттық банкі "Параграф"-ты мемлекеттік және орыс тілдерінде пайдалану мүмкіндігі бар.

Кітапхана пайдаланушылары Ресей Мемлекеттік кітапханасының толықмәтінді дерек қорына, Республикалық Жоғары орындары арасындағы электронды кітапханаға, Қазақ Ұлттық электронды кітапханасына, Elzevir, Polpred, Znanium сыртқы электронды ресурстарына ену мүмкіндіктері бар.




Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті. © 2001-2019. Барлық құқықтар қорғалған.